Жаһандану жағдайындағы этникалық идентификация мәселесі
Аңдатпа
Әр кезеңнің өзіне тән мәселелері болады, қазіргі қоғамдағы көкейтесті мәселенің бірі – этнос- тық идентификация. Этностық идентификация – әр адамның этностық топтағы басқа бір адаммен бірігуге эмоциялық қатынастың процесі. Мұнда сол этностың тарихына, мәдениетіне, ұлттық салты- на, әдет-ғұрпына, олардың мұраттарына, сезімі мен фольклоры мекендейтін аймағы мен оның мен- талитетіне деген жағымды көзқарастары арқылы теңдестіру. Этностық идентификация адамның өзін сол немесе басқа этносқа жатқызып қоюы ғана емес, сондай-ақ өз халқы туралы, оның өзгеше қасиеттеріне мәденитіне, тіліне, тарихи өткен өміріне тән «біз» бейнесінің көрінісі. Жаһандану зама- нында инновациялық даму жолына тек ұлттық идентификация арқылы ғана шыға аламыз, халық- ты жойылып кету қаупінен сақтаймыз. Түйін сөздер: этнос, идентификация, мәдениет, ұлт, салт, әдет-ғұрып, жаһандану, инновация.
