Қазақстандағы дінаралық келісімді нығайтудағы мемлекеттік саясат және Орыс православ шіркеуінің қызметі
Аңдатпа
Қазақстан халықаралық құқық субъектілері арасында алғашқылардың бірі болып әлемдік жә- не дәстүрлі діндер мен конфессиялар лидерлері арасында диалогты ілгерілету ісін бастап, өзіне зор жауапкершілік алды. Астанада өткен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінде халықаралық қауіпсіздікті нығайту, толеранттылық пен пікірлестікке негізделген әлемді құру, түрлі діндер мен мәдениеттер арасындағы өзара әрекеттестікті нығайту, өзара сыйластық пен түсіністікті, оның ішінде дінаралық және конфессияаралық диалогты жүзеге асыру мәселелеріне ерекше мән берілді. Мақалада осы мә- селелердің Қазақстан жерінде шешім тауып жүзеге асырылуы және осы Орыс православ шіркеуінің қызметінің үлесіне баға беріледі. Түйін сөздер: дін, мемлекет, саясат, дінаралық келісім, Орыс православ шіркеуі.
