Жаңа исламдық ағымдар қызметінің негізгі бағыттары
Аңдатпа
Зерттеу тақырыбының маңыздылығы заманауи әлемдегі исламистік радикализм ықпалының айырықша күшеюімен байланысты анықталып, өзара байланыстырушы құрал ретіндегі ақпараттық-насихаттық мүмкіндіктерінің ілгерілеуі мен қоғамдық-саяси ұйымдардың жандану үрдісінде айқын көрініс тапқанын көрсетеді. Зерттеушілер кеңінен атап өткендей батыстық демократиялық типтің тұрақсыздығы мен исламистердің билік құрылымдарындағы позициясының күшеюі, бүгінгі күні Шығыстық мұсылман әлеміндегі анағұрлым күрделі және шешілуі қиын мәселе ретінде қарастырылып отыр.
Түйін сөздер: исламдық ағымдар, сүннет, шииттер, вахабизм, алавиттер.







