Қоғамның дуалдығы «Гармония – дисгармония»: Құран аяттарына призма арқылы қарау
Аңдатпа
Бұл мақалада «рухани – материалды» дуальдік ұғымы Құран ілімі тұрғысынан қарастырылған.
Мақалада зерттеліп отырған дуальдіктің гармония және дисгармония ұғымдарымен күрделі де
маңызды өзара байланыстарына толық талдау берілген. Исламдық діни ілімінің негізгі қағидасы
– материалды рухани бағытқа өзгертудің басымдылығы. Ұсынылған зерттеу барысында гармония
ұғымы бүкіл әлемге, социумға және жеке тұлғаға да қолданылады. Адам мен қоғамның өмір
сүруінің негізгі заңы ретінде әлеуметтік-экономикалық гармония заңы бойынша жеке тұлғаның
материалды қажеттіліктері мен талаптарынан рухани қажеттіліктердің жоғары болуы зерттеу
тапқан. Адамның материалдық қажеттіліктері мен жеке қалауы бойынша рухани мұқтаждықтардың
үстемдігін талап ететін әлеуметтік-экономикалық келісім заңдылықтары жеке адамның және
қоғамның тіршілік әрекетінің негізгі заңы ретінде ұсынылады. Гармония мен дисгармонияның
әртүрлі өлшемдеріндік байланыстылығы әлеуметтік эволюцияның рухани-адамгершілік негізі
болған жағдайда ғана ол әрқашан шындықтың заңдылығы болып табылады. Сонымен қатар,
әрбір қоғам ұзақ мерзімді жетістіктері арқылы гармонияның дисгармонияларға қатысты
басымдықтарына ұмтылады. Бұл стратегия өркениеттердің, соның ішінде әртүрлі халықтардың
экономикалық қызметін сақтау мен дамытуға бағытталған. Әлеуметтік-экономикалық
келісімді зерделеу, оның заңдылықтары мен мәселелерін жеке тұлғалар мен жалпы қоғамның
дуальділігі тұрғысынан қарастырсақ, ол мемлекеттің тұрақты дамуына, ғылыми, қолданбалы
және практикалық мәселелерді шешу бағытына бастау бола алады. Қаржылық, экономикалық,
демографиялық және экологиялық дағдарыстарды, әскери-саяси қақтығыстар мен лаңкестік
актілерді жеңу, табиғи апаттардың зардаптарымен күресу, мемлекеттер арасындағы серіктестік
қатынастарды орнату, өркениеттерді сақтау міндеттерін оқыту қажет. Ең бастысы – гармония –
дисгармония» жағдайында жұмыс істейтін шынайы рухани және ғылыми білімдерді синтездеуге
қабілетті жаңа форматтағы кадрларды тәрбиелеу мен оқытудағы теориялық ұстанымдарды
ұқыпты пайдалану шарт.
Түйін сөздер: дуальность (қосарлы), социум, рухани, материалдық, гармония, дисгармония.







