Индигенизацияның тұжырымдамалық тәсілдерін сыни талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp97320268Аңдатпа
Бірнеше онжылдықтар бойы жалғасқан белсенді ғылыми және кәсіби пікірталастардың нәтижесінде индигенизация әлеуметтік ғылыми саласында, әлеуметтік жұмыста жаһандық күн тәртібіндегі негізгі императивтердің біріне айналды. Сонымен қатар, индигенизация үдерісінің сыни тұрғыдан зерделеуді қажет ететін маңызды қырлары да бар. Осы зерттеудің мақсаты - халықаралық тәжірибедегі индигенизацияның тұжырымдамалық тәсілдеріне сыни шолу жасау. Жүйелі іздеу және ғылыми еңбектерді іріктеу нәтижесінде индигенизацияны тұжырымдамалық тұрғыдан дамытуға елеулі үлес қосқан 25 мақала анықталды.
Сыни талдау индигенизацияның өзара байланысты екі үдерісті қамтитынын көрсетті: біріншісі - сырттан алынған білімдерді жергілікті жағдайға бейімдеу, екіншісі - жергілікті жүйедегі төл негіздерді айқындау. Екі үдеріс үшін де нақты мәдениеттен туындайтын, сол мәдениетті бейнелейтін, түсіндіретін және оған өзекті болып табылатын индигенді білімдерді пайдалану, сондай-ақ сырттан енген білімдердің әмбебаптығына сыни көзқараспен қарау қажет. Индигенизация эссенциализм, этноцентризм және этикалық қағидаттарға қатысты тәуекелдермен байланысты. Бұл тәуекелдердің алдын алудың тиімді мүмкіндігі ретінде индигенизацияға пәндік-бағытталған тәсіл ұсынылады. Мұндай жағдайда негізгі назар индигенді білімдерді практикалық қызметте қолдануға аударылады.Сонымен қатар, индигенизацияның әртүрлі елдерде жүзеге асырылуының өзіндік ерекшеліктері бар, бұл олардың тарихи тәжірибесі мен саяси контекстіне байланысты.
Сыни шолу негізінде индигенизацияны талдаудың тұжырымдамалық моделі әзірленді. Бұл модель әртүрлі ғылыми мектептердің, оның ішінде бір-біріне қайшы келетін көзқарастардың идеяларын біріктіріп, индигенизацияның негізгі құрамдас бөліктерін, жүзеге асу шарттарын, тәуекелдері мен мүмкіндіктерін айқындауға мүмкіндік берді. Ұсынылған индигенизацияны талдау моделі Қазақстанда және Орталық Азияның басқа елдерінде жүргізілетін кейінгі ғылыми зерттеулер мен практикалық қызметте қолдануға пайдалы.
Түйін сөздер: индигенизация, аутентификация, кәсіби империализм, мәдени әртүрлілік, әлеуметтік ғыламдар, әлеуметтік жұмыс.
