Саңдыққа білім беру арқылы өту: университеттерге үндеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.021Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесіндегі академиялық коммуникацияның цифрландыру саласындағы кейбір міндеттер анықталды. Бұл мәселе академиялық тұрғыда жалпы жаһандық сандық коммуникацияда сөзсіз зерттеуді талап етеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысыныңміндеттеріне «сәйкес өнеркәсіптің цифрлық трансформациялану драйверінің бірі болып
табылатын Индустрия 4.0 қосымша құндылық физикалық объектілердің, процестердің,
цифрлық технологиялардың бірігуінің есебінен қамтамасыз етілетін өндірісті ұйымдастыру
тұжырымдамасы болып табылады, бұл ретте нақты уақыт режимінде физикалық процестердің
мониторингі жүзеге асырылады, орталықсыздандырылған шешімдер қабылданады, сондай-
ақ машиналардың өзара және адамдармен іс-қимылы жүреді». Ұлттық білім – бұл барлық
деңгейлерде енгізілуі тиіс жастарды цифрлық коммуникациямен бірмезетте қамтамасыз ете
отырып жоғары білім мен ғылымды интернационалдандыру процесінде жаһандық академиялық
әлеммен барабар қарым-қатынас жасаудың бір саласы болып табылады. Мақала Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруы бойынша «Қазақстан
Республикасындағы халықаралық білім беру жобаларын жүзеге асырудың тарихы, мәселелері
және келешегін көп қырлы зерттеу» ғылыми жобасының шеңберінде жазылды.
Түйін сөздер: Қазақстан Республикасының жоғары білім және ғылымды интернационалдандыру,
ұлттық білім үлгісі, Джон Дьюи, халықаралық білім беру жобасы, Қазақстан Республикасындағы
цифрландыру, академиялық коммуникация, коммуникациялық үлгі.
