Заманауи жаһандық процестерді талдаудың тарихи-философиялық алғышарттары
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.09Аңдатпа
Өз зерттеулерін әлеуметтік шындықты пайымдауға негіздейтін философтың алдында әлеуметтік процестердің қалыптасу негіздері, мәні, заңдылықтары, қозғаушы күштері және олардың бағыты туралы сұрақтар тұрады. Бұл зерттеудің мақсаты – заманауи жаһандық процестерді түсіну мақсатында философия тарихы материалдары негізінде әлеуметтік процесс концепцияларының әлеуетін талдау. Мұндай талдау өте қажет, өйткені ол зерттеушінің ұстанған бағдарын, зерттейтін тақырыпқа ену тәсілін білдіреді. Авторлар «жаһандану» терминінің мағынасы туралы қорытынды жасайды. «Жаһандану» ұғымының сипаты абстрактілі және ол әлеуметтік процестердің көлеміне көңіл аудартатын әлеуметтік қайшылықтардың мәнін ашпайды. Бұл қорытындының мазмұны жаһандық процестерді зерттеушінің өзіндік рефлексиясы үшін маңызды. Зерттеуші қоғамды түсіндіру мен оны өзгерту мақсатын тек сипаттаумен алмастыруғаболмайтындығын ескеруі керек. Мұндай ұстаным қазіргі жаһандық әлеуметтік шындықты
түсіндіруге, дәлме-дәл болжам жасауға және қоғамдық өмірдің кез келген сферасын өзгертуге
бағытталған бағдарламалар жасауға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: әлеуметтік процесс, философия тарихы, жаһандық процестер, жаһандану, негіз.
