Әл-Фарабидің білім беру философиясы және қазіргі заман
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.05Аңдатпа
Бұл мақала қазіргі заманның сын-тегеуріндері шарттарында қазақстандық білім беру
жүйесінің актуалды жағдайын түсіну үшін әл-Фарабидің білім беру жөніндегі философиялық
дискурсына арналған. Философия критикалық рефлексия болып табылады, сондықтан білім
беру проблемалары әрдайым көрнекті философтардың концепцияларында орын алған.
Бірқатар әдістемелік принциптер негізінде әл-Фарабидің білім беру проблемасына
ортақ философиялық концепциялардың экстраполяциясы жүзеге асырылады; зерттеудің
герменевтикалық әдісі әл-Фарабидің пікірлерін анализдеу арқылы білім берудің болмысын
түсінуде қолданылады; салыстырмалы тәсілдеме компаративті анализ тәсілдерінің жиынтығы
болып табылады.
Әл-Фарабидің философиялық жүйесінің астарында бүгінгі күні де ықпалды болып
табылатын көптеген тәрбиелі және философиялық білім беру ойлары орын алады. Әл-Фарабидің
философиялық және білім берушілік ойларының бірлігі оның моральды-философиялық
рефлексияларынан пайда болады. Әл-Фараби бойынша білім беру – өнегені қалыптастыру,
адамның интеллектуалды және моральды қалыптасуы, білім арқылы бақытқа қол жеткізуі. Әл-
Фарабидің білім беру жөніндегі ілімінің антропологиялық аспектісі адамды рационалды және
әлеуметті болмыс ретінде тануы. Әл-Фарабидің дәлелдемесінің негізгі бастамасы болып адамға
деген сананың маңыздылығы саналады. Әл-Фарабидің практикалық және теориялық білімдерінің
деңгейі білім берудің қалыптасуының онтологиялық негіздері болып табылады.
Білім берудің пәндері жөніндегі талқылауда ол, математикалық, музыкалық және
философиялық негіз алатын білім беруді негізге алады. Бұлардың барлығы адам ғылымдық
білімдерді меңгеру арқылы өнегелі тұлға болып дамуына бағытталған. Әл-Фараби еңбектерінен
білім берудің талаптары, өлшемдері көрсетілген, оқу әдістемелері, сонымен қоса ұстаздың
бейнесі, оқушы мен оқытушының рөлі мен арақатынасы құралған. Білім берудің мақсаты –
адамның бақытқа білім берудің көмегімен жетуіне ықпалдасу.
Әл-Фарабидің білім беру жөніндегі философиялық дискурсы ойлау формасы, мәдениетті
меңгеру, интеллектуалды және моральды бірлік ретінде Қазақстан Республикасында білім беруді
реформалау үшін үлкен құндылыққа ие.
Түйін сөздер: әл-Фараби, білім беру философиясы, білім беру, тәрбиелеу, білімнің
құндылығы, адам.
