Мәдени интеграцияны зерттеудегі синергетика пәнаралық әдістемелік негізі ретінде

Authors

  • Г. Темиртон (Садыкова) Al-Farabi Kazakh National University image/svg+xml

Keywords:

синергетика, мәдени интеграция, мәдени-әлеуметтік модернизация, бейсызық процесстер, даму жүйесі, біртұтас ойлау (холистическое мышление).

Abstract

Мақалада өзін-өзі ұйымдастыру теориясының негізінде мәдени интеграциялық процестердің түрлі элементтері мен жүйе құраушы қосылыстары қарастырыла отыра, оның мәдениеттану (культурологиялық) параметрі ретінде қызмет етуі, яғни – проблемаларды біртұтас қамтуына негізделген синергетикалық ғылыми дүниетанымы екендігі қарастырылған.
Жаһандық мәдени-әлеуметтік және рухани дамудың әралуан көріністері сондай-ақ тарихи даму, эволюциялық өзгерістер заңдылықтары негізінде қазіргі даму (модернизация) қарқыны мен мәдени интеграцияның үдерісі интерпретацияланады. Қоғам мен мемлекеттердің мәдени дамуы және адам санасының дүниені толық тануға деген ұмтылысының кейбір аспектілерін негіздеудегі интегральдік шешім мәселелері қарастырылады. Осы орайда эволюцияның, яғни даму үдерісінің, бұл ретте даму сатыларының, түрлі мәдениеттердің мәні мен өзара ықпалдастығын анықтау, зерделеуде қазіргі заманғы ғылыми ой, ғылыми білім категориясы ретіндегі пәнаралық танымға негізделген синергетикаға айрықша мән беріледі.
 

Downloads

How to Cite

Мәдени интеграцияны зерттеудегі синергетика пәнаралық әдістемелік негізі ретінде. (2016). Journal of Philosophy Culture and Political Science, 53(4). https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/171