Қазіргі мәдениеттегі ұлттық құндылықтар мәселесі

Authors

  • Ә. Ө. Өмірбекова Al-Farabi Kazakh National University image/svg+xml
  • Ж. У. Қаңтарбаева Al-Farabi Kazakh National University image/svg+xml

Keywords:

құндылық, бұқаралық сана, жаһандану, ұлттық өзіндік сана, ұлттық рух, ұлттық идея.

Abstract

Қазіргі жаһандану үрдісі кең өріс жайып жатқан кезде біздің тәуелсіздік екпінімен жаңадан қадам жасап келе жатқан мемлекетіміздің беталысын айқындау қажеттілігі туындады. Осы тұста дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің саяси-экономикалық іс-әрекеттері ғана емес, сонымен қатар өмір салты да үлгіге айналып бара жатқандығын байқау қиын емес. Ал басқа мәдени үлгілердің енуі бұқаралық санаға кері ықпал етіп, ұлттық құндылықтарды шайқалтуы мүмкін. Авторлар мақалада осы мәселені жан-жақты қарастырып, түйінді идея ретінде жаһандануды терістеу емес, оның кереғар ықпалдарын анықтау, батыстандыру деп батыс үлгілерін жоққа шығару емес, тек өзіндік ерекшелікті сақтай отырып, батыс мәдениетімен сұхбатты қалыптастыру, бұқаралық ақпарат құралдарының бұқаралық санаға әсер ету мүмкіншіліктерін анықтай отырып, оны ұлттық рухты көтеруге және ұлттық идеяны жаңғыртуға бағыттау, рухани адамгершіліктік құндылықтарды насихаттап, техниканың мүмкіншіліктерін дұрыс жолда игеру идеясын ұсынады.
 

Downloads

How to Cite

Қазіргі мәдениеттегі ұлттық құндылықтар мәселесі. (2016). Journal of Philosophy Culture and Political Science, 53(4). https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/168