Қазақ даласы ғұламаларының Лейдендегі араб тіліндегі қолжазбалары: реестр және әл-Итқани мұрасы мысалында

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp97320264

Аңдатпа

Бұл мақалада Лейден университеті кітапханасының қолжазбалар қорында сақталған қазақ даласы ғалымдарына тиесілі арабтілді шығармалардың қолжазба нұсқаларына анализ жасалған. Қазақ даласы ғалымдары ұғымына қатысты нақтылайтын нәрсе, бұл ұлттандыру емес, Орталық Азия мен Дала аймағының өңірлік интеллектуалдық тарихының аса маңызды бөлігі ретінде қарастырылып, бүгінгі Қазақстанның тарихи-мәдени және географиялық мұрагерлігін білдіреді. Зерттеу мақсаты – Лейден кітапханасының қазақ даласы ғалымдарының ғылыми мәдени мұрасын сақтап жеткізуде алатын орны мен ерекшелігін анықтау. Ол үшін Лейден кітапханасындағы қолжазбалар каталогтар және де вису верификация арқылы анықталды, электронды каталогтан 30-40 нисбаларды араб, ағылшын графикасына сай әртүрлі формаға салып іздеу жасалды. Сол арқылы әр қолжазбаның кодикологиялық сипаттамасы толықтырылды, каталогта кеткен сәйкессіздіктердің түзу нұсқасы ұсынылды. Оған қоса, Қауамуддин әл-Итқанидың өзі жазып қалдырған қолжазбалардың текстуал верификация кеңінен жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде қазақ даласы ғалымдарының ғылыми мұрасының Еуропадағы исламтану мен шығыстану бастауына әсері анықталды, және жалпы ислам өркениетінде тіл білімі, музыка теориясы, саясаттану, философия, фиқһ пен ақида салалары бойынша жеке ғылыми орталық болғанына дәлел болады.
Түйін сөздер: қазақ даласы ғалымдары, арабтілді қолжазбалар, Лейден университеті кітапханасы, мәдениет, ғылыми мұра

Автор өмірбаяндары

  • А. Жамашев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    PhD, дінтану және мәдениеттану кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, email: azamat_zhamashev@mail.ru, ORCID ID 0000-0002-5330-9437)

  • А. Айнура, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    философия ғылымдарының докторы, профессор, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, email: Ainura.Kurmanalieva@kaznu.edu.kz, ORCID ID 0000-0001-5299-2695)

  • Мохд Рослан Мохд Нор, Малайя университеті, Куала-Лумпур, Малайзия

    PhD, профессор, Ислам тарихы, өркениеті және білім беруі кафедрасының меңгерушісі, Малайя университеті (Куала-Лумпур, Малайзия, email: m_roslan@um.edu.my, ORCID ID 0000-0002-6521-4603)

Жарияланды

2026-09-20