Әлемдік философиялық идеялар контексіндегі гуманизм мәнін түсінудің әдіснамалық тәсілдері

Авторлар

  • М.М. Manassov Buketov Karaganda National Research University, Karaganda, Kazakhstan
  • L.G. Balabekova

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp96220264

Аңдатпа

Мақалада әлемдік философиялық идеялар контексіндегі гуманизм мәнін түсіндірудің әдіснамалық тәсілдері қарастырылады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі қазіргі жаһандану, цифрландыру, технологиялық даму және құндылықтық дағдарыстар жағдайында адам болмысы, қадір-қасиеті, еркіндігі мен жауапкершілігі мәселелерінің жаңа философиялық мазмұнға ие болуымен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – әлемдік философиялық ой контексінде гуманизмнің мәнін түсіндірудегі негізгі әдіснамалық тәсілдерді анықтап, олардың қазіргі гуманитарлық дискурстағы теориялық маңызын философиялық тұрғыдан талдау. Зерттеу барысында гуманизм мәселесіне қатысты Батыс және Шығыс философиялық дәстүрлеріндегі классикалық және қазіргі ғылыми еңбектер салыстырмалы түрде талданды. Сонымен қатар концептуалдық талдау мен әлеуметтік-философиялық интерпретация тәсілдері пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері гуманизмнің тек антропоцентризммен шектелмейтін көпқырлы философиялық феномен екенін көрсетті. Батыс философиясында гуманизм тұлғаның автономиясы мен еркіндігі арқылы түсіндірілсе, Шығыс дүниетанымында моральдық үйлесім, қауымдық жауапкершілік және рухани тәртіппен байланыста қарастырылатыны анықталды. Сонымен қатар әртүрлі философиялық дәстүрлерді біріктіретін негізгі қағида – адам қадір-қасиетін мойындау екендігі негізделді. Зерттеу қазіргі жасанды интеллект, биотехнологиялар және цифрлық мәдениет жағдайында гуманистік құндылықтарды қайта пайымдау қажеттігін көрсетті. Зерттеудің ғылыми жаңалығы гуманизмді антропоцентрлік, космоцентрлік, теоцентрлік және постгуманистік бағыттарды өзара байланыстыратын әмбебап әрі көпдеңгейлі философиялық парадигма ретінде кешенді әдіснамалық тұрғыдан қарастыруында.

Түйін сөздер: гуманизм; философиялық антропология; әдіснама; адам қадір-қасиеті; әлемдік философия

Автор өмірбаяндары

  • М.М. Manassov, Buketov Karaganda National Research University, Karaganda, Kazakhstan

    Doctor of Philosophy (PhD), Associate  Professor, Buketov Karaganda  National  Research  University (Karaganda,  Kazakhstan, email: miramanassova@mail.ru

  • L.G. Balabekova

    PhD student, Buketov Karaganda National Research University (Karaganda, Kazakhstan, email: Lyaka1982e@mail.ru

Жарияланды

2026-06-20