Саяси трансформациялар жағдайында ұлттық бірегейлікті қалыптастыру құралы ретіндегі мемлекеттік мәдени саясат
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp962202612Аңдатпа
Мақалада саяси трансформациялар жағдайында ұлттық бірегейлікті қалыптастыру құралы ретіндегі мемлекеттік мәдени саясаттың рөлі зерттеледі. Зерттеудің өзектілігі институционалдық өзгерістер кезеңінде қоғамның әлеуметтік тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде мәдени саланың маңызының артуымен байланысты, сондай-ақ жаһандану, цифрландыру және қоғамның құндылықтық бағдарларының өзгеруі жағдайында мәдени саясат тетіктерін бейімдеу қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – мемлекеттік мәдени саясат құралдары мен Қазақстан Республикасы халқының мәдени қатысу деңгейі арасындағы өзара байланысты анықтау. Зерттеудің әдіснамалық негізін экономикалық-статистикалық әдістер құрайды, оның ішінде корреляциялық және регрессиялық талдау, факторлық талдау (негізгі компоненттер әдісі), сондай-ақ мәдени қатысу индексін есептеу. Ақпараттық база ретінде мәдениет мекемелеріне келушілер саны мен мәдени-көпшілік іс-шаралар саны туралы ресми статистикалық деректер пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері мәдени іс-шаралар саны мен мәдениет мекемелеріне келушілер саны арасында тығыз оң байланыс бар екенін, сондай-ақ регрессиялық модельдің жоғары түсіндірмелік қабілетін көрсетті. Факторлық талдау көрсеткіштердің өзгерісінің 93,9%-ын түсіндіретін және халықтың мәдени қатысуының интегралды деңгейін сипаттайтын басым жасырын факторды анықтады. Есептелген мәдени қатысу индексі дағдарыстан кейінгі кезеңде тұрақты өсімді көрсетті. Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасында мемлекеттік мәдени саясат мәдени белсенділікті кеңейту тетігі арқылы жүзеге асырылып, мәдени қызметтерге тұрақты сұраныс қалыптастырып, ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал ететіні анықталды. Зерттеудің практикалық маңызы қазіргі саяси трансформациялар жағдайында мәдени саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдарды әзірлеуде көрініс табады.
Түйін сөздер: ұлттық бірегейлік, мемлекеттік басқару, мәдени саясат, мәдени қатысу.
