Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі мәдени парадигманың өзгеруі ретінде цифрландырудың тәуекелдері мен трендтерін философиялық талдау

Авторлар

  • Г.Г Ахметова Торайгыров университет, Павлодар, Казахстан
  • С.С. Аубакирова Торайгыров университет, Павлодар, Казахстан
  • М.Ж. Кожамжарова Торайгыров университет, Павлодар, Казахстан
  • Р.С. Салимова

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp96220261

Аңдатпа

Қазақстандағы білім беруді цифрландыру мәдени парадигманың өзгерісі ретінде қарастырылады: классикалық эпистемологиядан білімнің желілік моделіне көшу. Бұл үдеріс EdTech-платформаларды қолданудың артуымен және жоғары оқу орындарының зерттеу инфрақұрылымына жасанды интеллектіні интеграциялаумен шартталған. Бағыты: ҚР жоғары мектебін жаңғырту контексіндегі әлеуметтік философия, білім философиясы және цифрлық антропология. Зерттеудің мақсаты – ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің цифрлық трансформациясын суперсложность жағдайында гуманистік эпистемологиядан білімнің желілік моделіне парадигмалық

ауысу ретінде философиялық тұрғыда пайымдау. Зерттеудің теориялық негізі Р. Барнеттің «суперсложность» тұжырымдамасы мен Л. Флоридидің «инфосфера» онтологиясын синтездеуге негізделеді: Әдіснамасы. Бұл жұмыстың әдіснамасы пәнаралық сипатқа ие; зерттеу стратегиясы үш өзара байланысты деңгейде құрылды және философиялық-концептуалдық талдауды, эмпириялық верификацияны және жүйелік синтезді біріктіреді. Нәтижелері. Зерттеу нәтижесінде «Барнетт инфосферасы» атты авторлық модель ұсынылды (тетрада: инфоагенттер, рефлексивті түйіндер, ағындар, этикалық қабық). Сонымен қатар бірқатар гносеологиялық тәуекелдер анықталды:  метрикалық редукция (KPI); алгоритмдік неоколониализм; «инфорг» субъектілігінің дағдарысы.

Ғылыми құндылығы мен практикалық маңыздылығы. «Барнетт инфосферасы» моделін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі сияқты реттеуші органдар «сыни цифрландыру» стратегияларын қалыптастыруда қолдана алады. Бұл стратегиялар жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне интеграциялау кезінде туындайтын эпистемиялық қатерлерді азайтуға және білім беру мен ғылыми ізденістің антропологиялық құндылығын сақтауға мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: Барнетт инфосферасы, мәдени парадигма, «суперсложность», эпистемиялық үйкеліс, цифрландыру.

Автор өмірбаяндары

  • Г.Г Ахметова, Торайгыров университет, Павлодар, Казахстан

    кандидат философских наук, ассоциированный профессор Торайгыров университета, Павлодар, Казахстан. E-mail: gaukhar.akhmetova.05@mail.ru. ORCID: 0000-0002-2904-3819.

  • С.С. Аубакирова, Торайгыров университет, Павлодар, Казахстан

    PhD, ассоциированный профессор Торайгыров университета, Павлодар, Казахстан. E-mail: aubakur@mail.ru. ORCID: 0000-0001-7894-6208

  • М.Ж. Кожамжарова, Торайгыров университет, Павлодар, Казахстан

    кандидат философских наук, ассоциированный профессор Торайгыров университета, Павлодар, Казахстан. E-mail: mayra_2901@mail.ru. ORCID: 0000-0001-7812-7114

  • Р.С. Салимова

    PhD, Торайгыров университет, Павлодар, Казахстан. E-mail: salimova_raigul@mail.ru. ORCID: 0000-0001-6747-4620

Жарияланды

2026-06-20