Философское осмысление теории интонации А. Байтурсынулы

Авторлар

  • Ж.З. Балмагамбетова
  • Т.Ю. Лифанова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-2269-1255
  • Н.С. Кирабаев Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті, Мәскеу қ., Ресей https://orcid.org/0000-0002-0192-6337

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp96220263

Аңдатпа

Мақалада интонация мәселесі тіл философиясы контексінде қарастырылып, тек фонетикалық құбылыс ретінде емес, мағынаның іргелі өлшемі ретінде түсіндіріледі. Бұл жұмыс қазақтың ғалым-ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы өзінің «Әдебиет танытқыш» еңбегінде сипаттаған қазақ интонациясын философиялық тұрғыдан пайымдауға арналған. Қазақ тілінің просодикалық жүйесін зерттей отырып, Байтұрсынұлы ырғақ, жорғақ, шумақ, тармақ, бунақ және айшық сияқты категорияларды анықтап тұжырымдау арқылы тілдің ритмикалық-интонациялық ұйымдасуының тұтас сипаттамасын ұсынды. Мақалада ағартушымыз сипаттаған интонацияның сөйлемді ойға айналдыруда және коммуникативтік үдерісте иллокутивтік күштің жүзеге асуына негіз болатын құрылымдық рөл атқаратыны тұжырымдалады. Мәселе тіл философиясындағы басты пікірталастар аясында қарастырылады, соның ішінде пропозициялық мазмұн мен иллокутивтік күштің айырмашылығы, семантика мен прагматиканың өзара байланысы, сондай-ақ мағынаның контекстке тәуелді толық анықталмауы мәселелері талданады. Интонацияның мағыналық құрылымның қалыптасуына қатысатыны талданады.. А. Байтұрсынұлының интонологиялық жүйесі сөйлеу барысында мағынаның іске асу формаларын сипаттауға бағытталған философиялық ұмтылыс ретінде қарастырылады. Бұл теорияны философиялық тұрғыдан зерделеу қазақ тілінің интонациялық құрылымын, сондай-ақ оның мағына, ойлау және тілдік сананы қалыптастырудағы рөлін жүйелі түрде түсінуге мүмкіндік береді. Кең мәдени-теориялық тұрғыдан алғанда, мұндай көзқарас қазақ тіліне ғылыми қызығушылықты арттырып, оның ұлттық-мәдени бірегейліктің маңызды тірегі ретіндегі мәнін айқындайды. Интонация мағынаның модальдық, прагматикалық және экспрессивтік қырларын айқындайтын әрі тілдік форма мен сөйлеу әрекетін өзара байланыстыратын құрал ретінде түсіндіріледі. Қорытындысында, просодия мағынаның жүзеге асуының құрылымдық алғышарты болып саналып, сөйлеу тәжірибесінде оның онтологиялық іске асуына қатысады.

Ключевые слова: интонация, философия языка А. Байтурсынова, казахская интонация, ритм, импликативный и экспликативный мир, резонанс.

 

Автор өмірбаяндары

  • Ж.З. Балмагамбетова

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасының PhD докторанты (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: balmagambetova_z@live.kaznu.kz, ORCID: 0000-0002-8399-0091).

  • Т.Ю. Лифанова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    Философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: lifanova.tatiyana@gmail.com), ORCID: 0000-0003-2269-1255).

  • Н.С. Кирабаев, Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті, Мәскеу қ., Ресей

    Философия докторы, профессор, Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті Философия тарихы кафедрасының меңгерушісі (Мәскеу қ., Ресей, e-mail: kirabaev@gmail.com), ORCID: 0000-0002-0192-6337).

Жарияланды

2026-06-20