ӘЛЕУМЕТТІК АНТРОПОЛОГИЯ ТҰРҒЫСЫНАН ҚАЗАҚТАРДА КӘДЕСЫЙ ТҮРЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2023.v.86.i4.05
        128 68

Аннотация

Сыйлық беру алушы мен берушінің  арасында тауарлардың, қызметтердің  және тәжірибелердің шын көңілмен ерікті түрде ұсынылуын  білдіреді. Сыйлықтың алушы үшін де, беруші үшін де құндылығы мен әлеуметтік мәні сыйлық беру үрдісін зерттеудің маңызды саласына айналдырып отыр. Сыйлық алмасу дәстүрі адамзат тарихынан басталып, бірге жасасып, күні бүгінге дейін жалғасын табуда. Бұл үрдіс әлемде әр кезеңде әртүрлі жолдармен жүзеге асып отырды, заманына қарай әр қоғамда өзіндік рөл атқарды. Қазақ халқында салт-жоралғылар мен ырымдарды, әдет-ғұрыптарды ұстануда қуанышы мен қайғысына ортақтасқан адамдарға ілтипат көрсетілген. Осы игі қарым-қатынастың құрметіне, сыйластық қызметіне арнап алғыс білдіруді, ризашылығын көрсетуді кәдесый беру дәстүрі арқылы жүзеге асырған. Жұмысымызда қазақтың бұрыннан келе жатқан сый-сияпат, кәдесый атауларын, түрлерін, қолданылу аясын мысалдармен келтіре отырып айтуға тырысамыз. Мақаламыздың өзектілігі - әр кәдесыйды әлеуметтік антропология тұрғысынан қарастырып, мәні мен маңызын түсіндіру. Бұл жұмыста кәдесый түрлерінің әрқайсысына жеке тоқталып, қазақ мәдениетінде атқарған функциясын талдай отырып, айырмашылығын көрсетуді мақсат етеміз. Зерттеу барысында шетелдік және отандық авторлардың еңбектерін басшылыққа ала отырып, мәліметтерді жинақтау, жүйелеу, сараптау және тұжырымдау әдістері пайдаланылады.

Түйін сөздер: Әлеуметтік антропология, кәдесый беру, салт-дәстүр, қазақ мәдениеті.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-12-27

Как цитировать

Maliyeva, N., & Shadkam, Z. (2023). ӘЛЕУМЕТТІК АНТРОПОЛОГИЯ ТҰРҒЫСЫНАН ҚАЗАҚТАРДА КӘДЕСЫЙ ТҮРЛЕРІ. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 86(4). https://doi.org/10.26577/jpcp.2023.v.86.i4.05