Ресей “жұмсақ күшінің” білім беру саласындағы миграцияға ықпалы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v74.i4.010
        55 42

Аннотация

Мақала Ресейдің «жұмсақ күшін» білім беру миграция процесіне ықпалын зерттеуге
арналған. Неолиберализм теоретиктері «жұмсақ күш» тұжырымдамасы әлемдік державалардың,
соның ішінде Ресейдің білім, мәдениет және тілдің таралуы арқылы геосаяси ықпалға деген
ұмтылысының көрінісі болып табылады. Бұл мақаланың өзектілігі білім беру көші-қонының
ресейлік векторы қазақстандық жастар үшін негізгілердің бірі болып табылатындығына
байланысты; статистикалық мәліметтерге сәйкес 2019/2020 оқу жылында Ресейдің түрлі
жоғары оқу орындарында 70 мыңнан астам қазақстандық студент білім алған. Мақалада білім
беру қызметтерінің халықаралық нарығында орналасу үшін ресейлік білімнің әлеуеті; көші-қон
процестерін ынталандыратын демографиялық жағдай, сондай-ақ Ресей Федерациясының білім
алу мигранттарын тарту жөніндегі мемлекеттік саясатының негізгі бағыттары қарастырылады.
Ресейге білім беру көші-қонының барлық аспектілерін жан-жақты зерделеу және талдау Қазақстан
студенттерінің көші-қонының салдарын модельдеу және болжау, Ресей Федерациясы мен
Қазақстан арасындағы білім беру – мәдени, ғылыми және жалпы гуманитарлық ынтымақтастық
мәселелерін жоспарлау үшін маңызды қолданбалы міндет болып табылады. Бұл мақала ҚР БҒМ
«Қазақстаннан білім алу көші-қоны: үрдістер, факторлар және әлеуметтік-саяси салдарлар»
жобасы аясында дайындалды.
Түйін сөздер: «жұмсақ күш», білім беру көші-қоны, Мемлекеттік саясат, білім беру
қызметтерінің экспорты, демографиялық факторлар, Қазақстаннан білім алу көші-қоны.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-01-05

Как цитировать

B.K., R. (2021). Ресей “жұмсақ күшінің” білім беру саласындағы миграцияға ықпалы. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 74(4), 107–116. https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v74.i4.010