Қазақтың дәстүрлі кілемі және басқа да тоқыма бұйымдары: түрлері, композициясы, семантикасы (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей қорының материалы негізінде)

Авторлар

DOI:

10.26577/jpcp.2020.v74.i4.06

Аңдатпа

Мақалада қазақтың байырғы кілемдері және тоқыма бұйымдары тақырыбының төмендегідей
екі іргелі аспектісі қарастырылады. Біріншіден, аталмыш бұйымдар түрлерінің типологиясы,
екіншіден, кілемнің ою-өрнек композициясы көркемдеу тәсілімен берілген ерекше мәтін ретінде
зерттелінеді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музей қорындағы негізінен өткен
ғасырда Қазақстанның әр өңірінен жинақталған кілемдер мен тоқыма бұйымдардың 300-ге
жуық сақтам бірлігінен тұратын коллекциясы зерттеудің мақсатын асырудың деректік негізі hәм
негіздемесі болып табылады. Жасалған материалы мен жасалу техникасына және қолданысына
байланысты қарастырылып отырған бұйымдарды төмендегідей бес типологиялық топқа жіктеуге
болады: 1) түкті кілем (қалы кілем); 2) тақыр кілем (тықыр кілем немесе таз кілем); 3) алаша; 4)
тұскілем; 5) қоржын, боғжама (тең), тоқыма дорба, қаршын, керме, тоқыма шабадан, тоқыма қап,
жержастық сияқты кілемге қарағанда шағын пішінде тоқылған шаруашылық және тұрмыстық
қолданыстық маңызды бұйымдар.
Сонымен бірге автор дәстүрлі кілемнің ою-өрнек композициясының семантикалық
аспектілеріне тоқталады. Зерттеушінің ғылыми негізделген ой-тұжырымы бойынша, кілемнің ою-
өрнек композициясының кеңістігі көшпелі қоғамды тарихтағы адамзат тіршілігін ұйымдастырудың
ең жетік үлгісі ретінде бағамдайтындығын білдіретін эстетикалық модель болып табылады.
Түйін сөздер: кілем, түкті кілем, түксіз кілем (тықыр кілем, тақыр кілем), тоқыма бұйымдар,
ою-өрнек, иконография, композиция, семантика.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-01-04