«Қытай арманы» призмасы арқылы қазіргі қытай ғылымына шолу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v73.i3.09
        45 38

Аннотация

Әлемдегі орын алып отырған соңғы оқиғалар мен адамзат өркениетінің дамуындағы түбегейлі өзгерістер «ғылым» түсінігінің ең маңызды екендігін тағы бір рет нақты дәлелдеді. Мақалада «Қытай арманы» түсінігіне жету жолында Қытай Халық Республикасы ғылым және инновацияны қалай дамытып отырғандығы талқыланады. Осы уақытқа дейін әлемдік нарықта, Қытай өнеркәсіптік, экспорттық саясаты, экспансиясы өзінің арзан тауарлары арқылы жүзеге асырылып отырды. Қазіргі уақытта, бәсекелестік күресте, бұл стратегия тиімді емес. Себебі, жоғары технологиялар базасына қажет өндіріс: жоғары сапалы өнімді құру және дамыту. Қазіргі уақытта байқалған экономикалық өсу мен қалыптасқан сыртқы экономикалық конъюнктура, жеделдетілген жаңғырту қытай экономикасының қазіргі заманғы технологиялық негізде қолайлы болып отыр. Ұлттық инновациялық жүйені және өнеркәсіпті, жоғары технологиялар жиынтығын білдіретін ұйымдар мен механизмдерді жүзеге асыруы ғылыми білім түрінде жаңа өнімдер мен технологияларға ұмтылуы мен жаңаруынан көрінеді. ҚХР бүгінгі ғаламда болып жатқан саяси, экономикалық, сауда, гуманитарлық салалардағы орнын анықтау, ғылыми-техникалық тұрғыдағы дамуының ұстанымы мақаланың өзегін құрайды. Сонымен қатар, ғылым саласындағы Қазақстан-Қытай екіжақты серіктестігінің кейбір мәселелері талқыланған. Мақаланы жазу барысында Халықаралық қатынастардағы «Жұмсақ күш» теориясы мен Қытайлық «гармониялық әлем» концепциялары пайдаланылған.

Жүктелулер

Жарияланды

2020-09-29

Как цитировать

D., Z., & S., J. (2020). «Қытай арманы» призмасы арқылы қазіргі қытай ғылымына шолу. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 73(3), 76–87. https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v73.i3.09