Постсоветтік кеңістіктегі Y, Z ұрпағының сандық мәдениетінің префигуративті гипотезасы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v73.i3.07

Аңдатпа

Мақала Штраус-Хоув ұрпақтарының теориясы контексіндегі префигуративті мәдениет
терминін талдауға арналған. Мұндағы ең басты мәселе инновациялық технологиялар адамның
табиғатын және оның қоғамдағы әлеуметтік байланыстарын өзгертуі мен ондағы әлеуметтік
коммуникация, кәсіби қызмет және жас ұрпақты тәрбиелеу саласында инновациялық сандық
технологияларды одан әрі жетілдіру мен енгізу туралы сипаттама беріліп зерттеу жүргізілген.
Авторлaр зaмaнaуи жaстaрынa сaлыстырмaлы тaлдaу жaсaп, Интернет ғaлaмдық желідегі қaзіргі
зaмaнғы жaстaрдa кездесетін қaуіп-қaтерлердің мысaлын келтіреді. Әлемдік компьютерлік
желі адамның нақты кеңістігін ауыстырған жаңа виртуалды шынайылықты жасады. Зерттеудің
мақсаты – Y, Z ұрпағының сандық мәдениетінің префигуративті гипотезасын тұжырымдау,
сонымен қатар жаңа сандық шындыққа енгізілген адамның негізгі сипаттамаларын өзгерту
мүмкіндігі туралы сұраққа жауап алу болды. Бұл тұжырымдамалар негізінде антропологиялық
тәсіл, технология мен адамның өзара әрекеттесу дәрежесі мен нәтижесін бағалайтындығына
талдау жасалды. Адамның мәні, оның әлемдегі орны және әлеммен қарым-қатынасы туралы
“өткен” және “жаңа” идеялар кездесетін парадоксалды жағдайларды анықтау үшін Қазақстан
Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Әзірбайжан, Тәжікстан және Ресей Федерациясында
әлеуметтік сауалнамалар барысында алынған зерттеу материалдар пайдаланылды.
Түйін сөздер: префигуративті мәдениет, Y және Z ұрпақтары, сандық мәдениет, виртуалды
шындық, Орталық Азия елдері.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-09-29