Қазақтардың дәстүрлі рәсімдік мәдениеті қазіргі хореографтардың еңбектерінің философиясы мен мәні ретінде

Авторлар

DOI:

10.26577/jpcp.2019.v70.i4.05

Аңдатпа

Аңдатпа. Мақалада этникалық салт-дәстүр мәдениеті материалдарымен заманауи және ұлттық
пластика негізінде би қойылымдарын (хореографиялық туындылар) жасаудағы қазақстандық
хореографтардың жаңа тәсілдері қарастырылған. Заманауи хореографтардың Қазақстан
өнертануындағы этникалық мәдениет бастауына қарым-қатынасы қоғамдағы ұлттық дәстүрдің
сақталуына өз септігін тигізуде. Қазақ би мәдениетінің қалыптасуына адамзат ұрпақтарының
ұлттың этникалық тұрмыс салты, халық ауыз шығармашылығы, таланты мен қиялы әсер еткенін
тарихи теориялық талдау мәселесі көрсетіп отыр. Осылайша халық хореографиясының би
түрлері уақыт келе шыңдалып, көркем құндылықтармен толықты. Бүгінде Қазақстандағы
ұлттық хореографияны дамыту мақсатында қазақ биінің кәсіби байқаулары өткізіліп, жаңа
орындаушылар мен қоюшы хореографтардың жаңа есімдерін танытуда. Мәселені зерделей
келе, ұлттық пластиканың зор әлеуеті мен алуан түрлілігі, сонымен қатар қазіргі хореографиямен
синтездеудің жаңа хореографиялық лексикасы ашылды. Зерттеудің мақсаты Қазақстанның
жетекші хореографиялық топтарының шығармашылық іс-әрекеті негізінде бірегей пластикалық
және эстетикалық мұралар ежелгі қазақ мәдениеті мен философиясын қайта құратын қазақ
биінің дамуындағы жаңа бағыттарды анықтау болып табылады. Мақала авторлары болашақ
ұрпаққа ұлттық хореографияның сақталуын бүгінгі балетмейстерлердің жаңа стилдері мен
интерпретациялық шығармашылықтары арқылы көреді.
Түйін сөздер: дәстүрлі мәдениет, қазақ биі, неоқазақ хореографиясы, этнос рухани
мәдениеті, хореографиялық өнер, би дәстүрлері.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-21