Ұлттық менталитеттің әлеуметтік-философиялық тұрғыда зерттелуі

Авторлар

  • H. Abdildina С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті image/svg+xml , С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті image/svg+xml
  • Zh. Kulzhanova С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті image/svg+xml , С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті image/svg+xml http://orcid.org/0000-0002-5454-8464
  • G. Sheryazdanova С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті image/svg+xml , С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті image/svg+xml http://orcid.org/0000-0001-8896-0396

DOI:

10.26577/jpcp.2019.v70.i4.01

Аңдатпа

Аңдатпа. Ұлттық менталитетті әлеуметтік философияның мәселесі ретінде қарау үшін,
біздің дүниетанымымыздың қайнар көзі ретінде қазақ философиясына тоқталамыз. Менталитет
мәселесі халықтың дүниені түйсінуі, дүниені қабылдауы, халықтың бірегейлігін қамтамасыз
ететін рухани сапалы жағдайы ретінде қарау үшін, бұл мәселенің біздің отандық философияда
қалай бастау алғанына сараптау жасауды алдымызға міндет етіп қойдық. Қазақ дүниетанымында
менталитеттің мәселесі уақыт пен кеңістік жағдайында қаралуы қоғамдық пікірдің белсенділігін,
пәрменділігін айтса, төртіншіден, қоғамдық жүйенің тұрақтылығын сақтауға ұмтылуы,
бесіншіден, еркіндікті қадірлеуі. Авторлар халықтың дүниетанымындағы кеңістік категориясының маңызды болуы халықты
сабырлыққа, төзімділікке тәрбиелесе, уақыт категориясының бірінші орында тұруы, халықты
белсенділікке, бәсекелестікке тәрбиелейді деп санайды. Сондықтан, көшпенділердің бір
жағынан сабырлы, момын мінезі және жаугершілік, белсенділік мінезі уақыт пен кеңістік
ұғымдарының қоғамдық санаға қатар енуіне себеп болып отыр. Қоғамдық пікірдің пәрменді
болуы жалпы Шығыс елдеріне тән қасиет, әлеуметтік бақылау рөлінің жоғары болуы халықтың
ұрпақты тәрбиелеуге аса мән бергендігін көрсетеді. Бұл қасиет өз кезегінде ұлттық тұрақтылықты
сақтауға ұмтылыспен бірігеді. Мақаланың басты мақсаты – халық менталитетін зерттеп жүрген ғалымдардың саяси
үдерістердің арасындағы өзара байланыстары туралы жазған ой-тұжырымдамаларына талдау
жасау болып табылады.
Түйін сөздер: ұлттық менталитет, ұлттық сана, қазақ философиясы, уақыт пен кеңістік
өлшемі.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-20