Мигранттардың қоғам және мәдениет саласына интеграция мәселесі
DOI:
10.26577/jpcp.2019.v69.i3.08Аңдатпа
Мақалада қазіргі күні Еуропада тұрып жатқан мигранттардың мәдени бірігуімен аккультурациясы мәселесі қарастырылған. Автордың пікірінше, мигранттардың жемісті мәдени бірігуі әлеуметтік-мәдени қатынастардың дамуына ғана емес, сондай-ақ еуропалық елдердің экономикалық жағдайын жақсартуға да ықпал етуі мүмкін. Авторлардың көтеріліп отырған мигранттардың мәдени бірігуі мен аккультурациясы мәселесіне ғылыми қызығушылығы ХХ ғасырдағы ғылыми еңбектерде байқалады (Р. Линтон, М. Херсковиц, Р. Редфилд, Дж. Берри, М. Гордон). Бастапқыда аккультурацияны түрлі мәдениет өкілдерінің ұзақ мерзімді байланысы нәтижесінде жүретін мәдениеттердің бастапқы үлгілерінің өзгеруі ретінде қарастырады. Мигранттардың еуропалық қоғамға мәдени бейімделуі мәселелері мен миграциялық үрдістерді белсендіру осы тақырыпқа жаңа қызығушылық толқынын тудырды. Мақала авторлары қазіргі күнгі зерттеушілер аккультурацияны ұжымдық феномен форматында ғана емес, сондай-ақ, жекелеген тұлғаның психологиясы шеңберінде қарастырады, әрі мәдени өзара ықпалдастық нәтижесі мен үрдісін белгілеу үшін пайдаланады. Мәдени диалогты бұлай түсіну өзге мәдениеттер жайлы теріс түсінікті анықтауға және жақсы жақтарын алуға мүмкіндік береді. Мақаланы жазу барысында орындалған мультикультурализмге SWOT-талдау анықталған феноменнің күшті және әлсіз жақтарын, осы идеология тәжірибеде қолданысқа түскен елдер үшін мүмкін қауіптері мен қатерлерін бағалауға мүмкіндік берді. SWOT-талдау нәтижесінде алынған мәліметтерді мультимәдениетті қоғамды жоспарлау мен дамыту үрдісінің бөлігі ретінде пайдалануға болады. Түйін сөздер: мәдени интеграция, аккультурация, мигранттар, мультикультурализм.







