Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік мәдени конфликтілер: түрлері
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.022Аңдатпа
Мақаланың мақсаты қазіргі қоғамдағы басты мәселелердің бірі, сонымен бірге біздің елімізде орын алып отырған конфликтіні әр түрлі аспектілер тұрғысынан талдап көрсету болып табылады. Конфликтінің пайда болу негіздері әдістемелік тұрғыдан қарастырылып, ұлттық, нәсілдік, этностық, конфессиялық қақтығыстардың әлеуметтік сипатына қазіргі қоғамға тән әлеуметтік мән-мағынасын ашуға талпыныс жасадық. Сонымен қатар аталған мақсатты шешу жолында конфликтінің әлеуметтік табиғаты мен оның қатынастардағы мәнін ашу арқылы ролі зерттеледі. Қазақстан қоғамының жаһандануын бейнелейтін заманауи конфликтологиялық парадигмалары қарастырылады. Берілген конфликтілерді анықтау үшін әрекет жасалды. Сондай-ақ конфликтілердің типологиялық сипаттамалары мен қақтығыстардың интерпретациялық, нормативтік-тұтастық, депривациялық, өркениеттік және мәдениетаралық жанжалдарды түсіндіру үшін Қазақстан қоғамы негізіндегі мысалдар келтірілген. Қазіргі таңдағы диалогтың формалары мен түрлерін әлеуметтік-мәдени қақтығыстарды шешудің ең жемісті механизмі ретінде талдап көрсетіледі.
Түйін сөздер: идеология, бірегейлілік, әлеуметтік мәдени конфликт, өркениет, ұлт, нәсіл.
