Ұлттық мәдениет контексіндегі ислам бірегейлігі
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.014Аңдатпа
Мақалада ислам бірегейлігінің мәні мен оның тарихи-мәдени дәстүрдегі орны қарастырылады. Қазақстанда, халық санын көбіне мұсылмандар құрайтын басқа да ортаазиялық аймақтардағы секілді, ислам жергілікті ұлттық әрі мәдени дәстүрлермен үйлесімді байланыс төңірегінде қалыптасқан еді. Ол дәстүрлердің ішінде түркі мәдениеті дәстүрлерін де айтып кету керек. Авторлар ислам бірегейлігінің мәнін және оның Ислам әлемімен қатар еуропалық кеңістіктің де ұлттық мәдениетінің мәдени-әлеуметтік, геосаяси тәжірибесіндегі қалыптасуының негізгі қырларын талдаудан өткізді. Қазіргі жаһанды әлем мәдени, саяси және діни үдерістердің бірдей болып сәйкестендіруіне әкеледі. Осындай жағдайда қоғам мен тұлғаның идентификация мәселесі қиындайды. Өзіндік мәдени/діни бірегейлікті жоғалту заманауи қоғамда бас мәселелердің біріне айналуда. Ұлттық мәдениет дәстүрлі қатынастардың тарихы мен қисыны үдерісінде қалыптасады. Мақалада қазақстандық ислам бірегейлігінің ұлттық мәдениет құшағында, ислам құндылықтар жүйесімен қайшылыққа түспейтін, дәстүрлер мен ғұрыптарды бойына сіңіре жүріп қалыптасқаны, ал ислам парадигмасында руханилық дәстүрлері жинақталғаны негізделіп дәлелденеді. Ислам бірегейлігін сақтау ұлттық мәдени бірегейлігі мәселесімен және жалпы алғанда, мәдени мұраны сақтап қалу мәселесімен де тікелей байланысты.
Түйін сөздер: мәдениет, ұлттық мәдениет, діни бірегейлік, ислам бірегейлігі, дәстүр.
