Әбу Насыр әл-Фарабидің қоғамдық-саяси қөзқарасы

Авторлар

  • P. Suleimenov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • K. Nurgaliev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.08

Аңдатпа

Фарабидің қоғамдық-саяси философиялық көзқарасын зерттеу қазіргі демократиялық қоғамды орнатуда актуальды болып табылады. Фарабидің саяси мұрасын, бостандық және бақыт жайлы, адамдардың бір-біріне мейірімділігі туралы, ғылымдарды зерттеу туралы ойлары, адами қоғамдағы адамгершілікті жетілдіру қазіргі таңда да өз мәнділігін жоғалтқан жоқ. Қазіргі таңда ғұламаның саяси көшбасшы және оның қайырымды қоғам, әділеттілік пен теңдік, бейбітшілікті сақтауға соғысты болдырмау, әділетсіз соғыстарды сынға алу өз мәнділігінен бұл күндері де айырылған жоқ. Бұл тұрғыда ғұлама ойшылдың саяси философиясы өскелең ұрпақты саяси тәрбиелеуде құнды құрал болуы мүмкін.
Түйін сөздер: Фарабидің қоғамдық-саяси философиялық көзқарасында, этика, трактаттар, мемлекет, фәлсафа, хикмет, даналық, адамгершілік, толыққан қоғам, «қайырымды» және «қайырымсыз» қала, т.б.

Жарияланды

2019-07-07