Жаңа христиандық ағымдардың идеялық-символдық ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.03Аңдатпа
Мақала жаңа христиандық ағымдар ілімдерінің идеялық-символдық ерекшеліктерін қарастыруға арналған. Жаңа христиандық ағымдардың пайда болуының өзі дәстүрлі христиандық діни сенім негіздерінің, діни әдет-ғұрыптарының, рәсімдері мен жоралғыларының заман талабына сай келмеуімен немесе жалпы христиандық мәдениеттің тоқырауымен байланыстырылады. Осыған орай, жаңа діни ағымдардың идеялық-символдық ерекшеліктері, олардың негізгі христиандық канондарға көзқарастары, діни ғұрыптары мен рәсімдеріндегі өзгерістер талқыланады. Авторлар жаңа христиандық ағымдардың идеялық-символдық ерекшеліктерін зерттеудің нәтижесінде бірнеше қорытындылар жасайды. Біріншіден, жаңа діни ағымдардың басты ерекшеліктері – олардың дәстүрлі христиандық сенім символдарына, Қасиетті Үштік ұғымына қатынасынан және жеті құпияларды орындауларынан көрінеді. Екіншіден, жаңа діни ағымдар діни уағыздарының өте қарапайымдылығымен және діни салттар, рәсімдер мен жоралғыларды заманауи өмірге сай, жеңіл, әрі тартымды орындалуымен ерекшеленеді. Үшіншіден, бұл діни ағымдар визуалдық элементтерге үлкен мән береді. Ту, эмблемалар, логотиптер тағы да басқа
діни символдық нысандары олардың даму тарихымен тығыз байланысты және олар идеялық
түп негізін протестантизм мен масондықтан алады. Қорыта айтқанда, жаңа діни ағымдардың
діни сенімінің идеялық-символдық мазмұны заман талабына сай, сұранысқа қарай өзгерістерге
ұшырап отырады.
Түйін сөздер: христиандық, жаңа діни ағымдар (ЖДА), сенім символы, эсхатология, құдайға
құлшылық ету, діни эмблемалар мен логотиптер.
