Кәсіптік әншілерді дайындау кезеңіндегі, болашақ Әнші-Ұстаздардың әртістік дағдыларды қалыптастыру процесі
DOI:
10.26577/jpcp.2019.v67.i1.010Аңдатпа
Адам баласының мәдени даму кезеңіне жаңару, іздену өте қажет және ол қоғамдық өмірдің
барлық саласына әсерін тигізеді. Білім берудің заманауи даму кезеңінде жоғарғы білім орнын
бітіретін маманға талап күшейтіліп, ол маманның жеке басының біліміне, өзіндік мәнеріне көп
көңіл бөлінеді. Бұл деңгейге жету үшін студенттердің теориялық және ғылыми-әдістемелік
негізі, дайындығы өте қажет. Себебі маманның жоғарғы білім деңгейі, творчестволық ойлары,
қайталанбас әрекеттері негізгі фактор болып саналады. Бұл мақаланың көтеріп отырған негізгі
мәселесі, ол қазіргі қоғамға өз мамандығын жетік білетін, жан-тәнімен сол мамандыққа берілген,
гуманитарлық және творчестволық білім беруді іске асыра алатын маманның керектігі... Маман
ойлану және іске асыру тәсілдерін толық білуі керек, гуманитарлық мәдениетті сақтау және
дамыту, өзінің кәсіптік саласында қайталанбас, өзгеше тұлға болуы тиіс.
Түйін сөздер: педагог-вокалист, әртістік дағдылар, жеке ән салу өнері, әншіні кәсіптік
дайындау, педагогикалық даму.







