Ұлттық рухтың негізі ретіндегі Қазақстандағы медиа тәрбиенің кейбір аспектілері туралы
DOI:
10.26577/jpcp.2019.v67.i1.01Аңдатпа
Мақалада Қазақстанның ұлттық, әлеуметтік-мәдени және медиа тәрбиелік кеңістігіне
аксиологиялық сараптама жасалады. Мақала авторлары рухани құндылықтардың қоғамдық
өмірдің басқа салаларымен байланысы және сол байланыстың нәтижесінде ұлттық рухтың қайта
өрлеу мүмкіндігі туралы гипотезаны ұсынады. Осы орайда отандық медиа индустрия мен медиа
тәрбиенің қызметі мен даму тенденцияларының ерекшеліктері ашылады. Тәрбиені қоғамның
даму деңгейіне тікелей байланысты тарихи феномен ретінде көрсетеді.
Авторлар әлеуметтік философия шеңберінде білім беру мен тәрбиелеудің дәстүрлі
негіздері мен принциптерінің тоқырауын жеңу және тәрбиенің мақсатында жалпы адамзаттық
құндылықтарды алға қоюды қамтамасыз ету керектігін ұсынады. Сонымен қоса, авторлар қазіргі
кезеңдегі тәрбиелік алаңды зерттеу, әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі медиа тәрбиені қолдану
жолдары мен мүмкіндіктерін көрсетеді. Авторлар тұлғаны тәрбиелеуде өзіндік ойы бар, тәуелсіз,
табиғат пен қоғамға қатысты тең қарым-қатынасты ұстанатын толерантты Адам қалыптастыруда
медия тәрбиенің көмегі зор деген қорытындыға келеді.
Түйін сөздер: білім беру, тәрбие беру философиясы, мәдениет, медиа тәрбие, медиа
индустрия, ұлттық рух, менталитет, ақпараттану, сандану, рухани құндылықтар.







